Қазақстан Елшісі Түрікменстан Президентіне сенім грамоталарын табыстады

497

Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшісі Еркебұлан Сәпиевті сенім грамоталарын табыстау үшін Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қабылдады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Оғызхан» сарайында өткен кездесу барысында Түрікменстан басшысы бауырлас елдер арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар мен өзара сенім ахуалын, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша екі мемлекеттің ынтымақтастығын атап өтті. Бұл ретте, ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екіжақты қарым-қатынастың қалыптасуына және Қазақстан-Түрікмен стратегиялық серіктестігінің дамуына қосқан зор үлесіне ерекше назар аударды», — делінген СІМ хабарламасында.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *