Әбіш Кекілбаевқа көше атауы берілді

208

Әбіш Кекілбаевтің 80 жылдығына орай,  Алматы қаласындағы Каблукова көшесіне жазушының есімі берілді.  

«Бүгінгі шараның Алматы қаласында өтуінің маңызы зор. Ұлы жазушы бозбала шағында осында келіп, өмірінің ең бақытты да мағыналы шақтарын осы Алматы қаласында өткізді. Жазушылық өнердің, суреткерлік шеберліктің шыңына шықты. Мемлекеттік қызмет пен саясат сахнасында жасындай жарқылдап, сөз бастар шешенге, ой тастар көсемге айналды. «Жақсы болудың жақсылық жасаудан басқа жолы жоқ» дейтін Әбіш Кекілбайевтің сөзінде де, шығармашылығында да жасандылық болған жоқ. Әбіштің шығармаларын оқи отырып, қазақ деген халықтың ұлттық мінезін, мәдениетінің сан қырлы қатпарын жазбай тануға болады. Ол туындылар ұлт тарихының жылнамасындай, өзіміз өмір сүріп жатқан қоғам мен заманның тынысындай болды»,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, жазушының мерейтойына орай Н.Назарбаев даңғылындағы 118 үйде ескерткіш тақта ашылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *