Бекзат Нұрдәулетов әлем чемпионы

374

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында 81 келі салмақта қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов жеңімпаз болды.

Ол финалда өзбекстандық боксшы Дилшодбек Рузметовпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен 5:0 есебін жеңіске жетті. Бұл ел   қоржынына Әлем чемпионатынан салынған алғашқы алтын медаль.

Жартылай финалда Нұрдәулетов төрт дүркін әлем чемпионы, Олимпиада жеңімпазы Хулио Ла Крусты жеңіп, сенсация жасады.  Тіпті қарсыласын бір рет нокдаунға да түсірді. Рио Олимпиадасында осы кубалық боксшы қазақ Әділбек Ниязымбетовтен басым түсіп, чемпион атанған болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *