Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының медалі таныстырылды

185

 25 қыркүйек күні Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады.

 Дүниежүзілік біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұлттық нақышта өрнектелген медальдармен марапатталады.

«25-29 қыркүйек күндері өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына 64 елден 500-ге жуық  жас татами шеберлері қатысады деп жоспарланған. Қазақстан құрамасынан аталмыш додада ел намысын 32 дзюдошы қорғайды», — делінген хабарламада. 

 Жарыс күн сайын сағат 10:00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Жарысқа кіру тегін.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *