Air Astana және FlyArystan: әрбір қазақстандық ұша алады

128

2019 жылы 15 000 теңгеден төмен баға бойынша 520 000 сатылады және бұл сан 2020 жылы 5 есеге артады

Air Astana компаниялар тобы Қазақстанда авиация мен туризмді дамыту жоспарларымен бөліседі. 2019 жылдың мамыр айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша FlyArystan бюджеттік әуе компаниясы құрылды. Әуе компанияның мақсаты – Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға серпін беру, өңірлер арасындағы сауда және мәдени байланыстарды жақсарту. Жаңа әуе компания ірі қалалар мен аймақ орталықтарын біріктіріп, Республиканың астанасы мен оның негізгі хабтарынан ғана емес, облыс орталықтарынан да саяхаттауға мүмкіндік береді.

Питер Фостер, Air Astana президенті: «Air Astana әуә компаниясы — бұл жоғары деңгейлі қауіпсіздік пен сервисінің арқасында шетелге танымал Қазақстанның жетекші әуе компаниясы. Біз қазақстандықтар үшін әлемді және бүкіл әлем үшін Қазақстанды ашамыз. Алайда, нарық конъюнктурасының өзгергенін көріп отырмыз және қазақстандықтарды қолжетімді ұшулармен қамтамасыз ететін бюджеттік әуе компания құру қажеттілігі туындады. FlyArystan бюджеттік әуе тасымалдаушысын құру қоғамның сұрауына жауап болды. Жаңа әуе компаниямен әрбір қазақстандық ұша алады. Егер қазір әуе компанияның флотында 2 ұшақ қана болса, 2020 жылы әуе паркінде 10 заманауи әуе лайнері болады.  Бүгінде біз 2019 жылы ішкі бағыттар бойынша 15 000 теңгеден төмен бағамен Air Astana компаниялар тобының 520 000 билеті сатылады деп айта аламыз. 2020 жылы бұл сан 5 есеге артады».

29 наурыз күні сатылым басталғаннан бүгінгі күнге дейін FlyArystan құны 15000 теңгеден төмен 270 мыңнан астам билет сатты, бұл сатылған билеттердің жалпы санының 69%-ын құрайды.  Атап айтқанда, арзан бағамен Тараз қаласына 90%, Шымкентке – 62%, Қарағандыға – 50% жуық, Павлодар мен Нұр-Сұлтанға — 40% жуық билет сатылды. ҚР МИИР ААК статистикасының деректері бойынша FlyArystan пайда болуымен тасымалдаушының барлық әуежайларында жолаушылар ағыны айтарлықтай артты. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2019 жылы Тараздағы өсім 142%-ды, Қарағандыда 44%-ды, Павлодарда 41%-ды, Шымкентте 27%-ға жуық және Оралда 22%-ды құрады. Көптеген азаматтар әуе тасымалдарды ел ішінде саяхаттап, алғаш рет пайдаланды. Жалпы, FlyArystan ұшуларын жүзеге асыратын нарықтардағы әуе тасымалдардың өсуі 35%-ды құрады.

Флоттың ұлғаюымен және жаңа бағыттардың ашылуымен қазақстандықтар өздерінің саяхаттарын алдын ала жоспарлап, арзан саяхаттай алады. Ұшу күніне жақындағанда, әдетте, әуе тасымалдаудың бағасы көтеріледі. Мұндай баға белгілеу түрі динамикалық деп аталады және ол авиаәуе компанияларының бәсекеге қабілетті болуына  мүмкіндік береді. «Air Astana» әуе компаниясы құрылған күннен бастап мемлекет тарапынан субсидия алған жоқ. Бұл ретте әуе компания жұмыс орындарын құрып, Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне салық төлейді. Ірі әуе тасымалдаушы салық және міндетті төлемдер түрінде 446 млн-дан астам  АҚШ долларын төледі. FlyArystan өсімінің арқасында Air Astana компаниялар тобының ел бюджетіне жыл сайынғы төлемдер сомасы айтарлықтай артады.

Air Astana әуе компаниясы клиенттерге ең төменгі баға бойынша билеттер, зейнетақы және жастар тарифтерін, сондай-ақ жедел емделуге немесе шетелде операция жасауға мұқтаж балаларға тегін билеттер ұсына отырып, өз дамуын жалғастырады. Өзінің қызмет етіп келе жатқан уақыт аралығында әуе компания ҰОС ардагерлеріне 15 000-нан астам билет және балалар мен еріп жүретін адамдарға 1000 билет берді.

 «Эйр Астана» әуекомпаниясы – қазақстандық азаматтық авиацияның көшбасшысы, Skytrax сыйлығының «Орта Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпания» номинациясының сегіз дүркін лауреаты, сонымен қатар TripAdvisor «Эйр Астананы» Travellers’ Choice Awards 2019 сыйлығының «Өңірлік Азиялық тасымалдаушы» және «Азиядағы жолаушылар ыңғайлығы» номинациясында жеңімпаз деп таныды. Әуекомпания 2002 жылдан бастап тұрақты ұшуларды орындайды. Бағыттық желі 60-тан астам халықаралық және ішкі рейстерді қамтиды. Әуе флоты Boeing 767/757, Airbus A320/A320neo, A321/A321neo және Embraer E190/E190-E2 36 ұшағынан тұрады. «Эйр Астана» «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (51%) мен BAE Systems (49%) бірлескен кәсіпорны болып табылады.

Құрметпен,

«Эйр Астана» АҚ корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *