Нұр-Сұлтанда «STOP туберкулез» кең ауқымды акция өтеді

475

Нұр-Сұлтанда 23-ші қыркүйектен бастап  23-ші қазанға дейін «STOP туберкулез!»  атты ауқымды қалалық акциясын өтеді, — деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Акция Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауымен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өтеді. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарына туберкулезді анықтау және алдын алу мәселелерін арттыру бойынша білім деңгейін және жеке өмірлік ұстанымдарына қатысты әрбір адамның өз денсаулығына белсенділігін қалыптастыруға шақырады. Сондай-ақ акция аясында сауда орталықтарында, қала базарларында, әртүрлі тұрғын аудандарда елорда тұрғындары мен қонақтары тегін жылжымалы флюорографтан флюорографиялық тексеруден өтіп, туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша ақпарат ала алады.

Бұған қоса, жұмыс күндері барлық қалалық емханаларында «Ашық есік күндері» өткізіледі және туберкулез сұрақтары бойынша кеңес алып, флюорографиялық тексеруден өтуге мүмкіндік болады.  Фтизиатр дәрігерлер жүкті әйелдерді туберкулездің алдын алуы, жаңа туған нәрестелерге туберкулезге қарсы вакцинацияны өткізу туралы  ағаттандыру әңгімесін жүргізуге шақырады. Білім беру  мекемелерінде туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша сынып сағаттары, ата-аналармен кездесулер өткізіліп, Нұр-Сұлтан қаласының полиция Департаментінің қолдауымен, тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарға флюорографиялық тексеруден өткізу ұйымдастырылады.

«СТОП туберкулез!» акциясы  елорданың қолайлы эпидемиологиялық жағдайын құру бойынша іс-шараларды  жандандырады және күшейтеді, халықтың туберкулез туралы хабардарлығын арттырады, дейді ұйымдастырушылар. Астаналықтар емханалардағы ашық есік күндері мен сауда орталықтарында, қала базарларында, әртүрлі тұрғын аудандарда флюорографиялық тексерулерді өткізу кестесін https://uoz.astana.kz ресми сайтынан біле алады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *