Алматылық медицина ұйымдарына 80,2 млрд теңге төленді

444

2019 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 116,8 млрд теңгеден асып жығылады.

Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде алматылықтарға тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 80,2 млрд теңгеге жуық қаржы төленді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы  филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл қаражат мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетіліп жатқан тегін медициналық көмек үшін төленіп отыр. Сақтандыру пакеті шеңберінде қызмет көрсету 2020 жылы басталады», – деді МСҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.

Жалпы, Алматы қаласында 178 медицина ұйымы Медициналық сақтандыру қорымен мемлекеттік тапсырысты орындау жөнінде келісімшарт бекіткен. Оның басым бөлігі – жеке меншік клиникалар. 2019 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 116,8 млрд теңгеден асады.

Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын кепілдендірілген тегін көмек пакетінің операторы болып табылады. 2020 жылдан бастап Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің ақысын төлей бастамақ.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *