«Қас қағым сәт» фотокөрмесі

465

Қыркүйек айының 26 жұлдызында әйгілі фотожурналист Сайлау Пернебаевтың 80 жылдығына орай «Қас қағым сәт» атты фотокөрмесінің ашылуы болады.

Көрме  Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде өтеді.

Фотокөрме қоғамды қазақстандық фотожурналистика негізін қалаушылардың бірінің шығармашылық мұрасымен таныстыру мақсатында, белгілі қазақстандық фотожурналист Сайлау Пернебаевтың 80-жылдығына арналады.

Сайлау Пернебаев (1939-2007), Республикалық «Қазақстан мұғалiмi», «Социалистiк Қазақстан» (қазiргi «Егемен Қазақстан»),ал 1981 жылдан зейнеткерлiкке шыққанға дейiн «Қазақ әдебиетi» газеттерiнде фототілші қызметін атқарды. Фотосуреттері одақтық газет-журналдардың конкурстарында 16 дүркiн бас жүлденi жеңiп алды. Оның әралуан тақырыптарды қамтыған көптеген фотосуреттерi әр жылдары «Правда», «Известия», «Комсомольская правда», «Труд», «Литературная газета» газеттерiнде жиі жарияланып тұрды. Сондай-ақ, Францияның, Кубаның, Германияның газет-журналдарында бірнеше рет жарыққа шықты.

Сайлау Пернебаев Қазақстан Журналистер одағының және Республикалық комитетiнiң сыйлығымен бірнеше мәрте марапатталды. Ғұмырының 40 жылдан астамын осы салаға арнады. Қазақстан фотожурналисткасының қалыптасуына айрықша үлесiн қосты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *