Ордабасыда спартакиада өтті

73

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің салалық кәсіподақтары аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында бекітілген «Кәсіподақтар күні» мерекесіне арналған айлық іс-шара жоспарының негізінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының іс-шара жоспарына сәйкес, Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитеті мен аудандық білім бөлімі және аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімдерінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында аудандық спартакиада өткізіліп, спорттың 10 түрінен: волейбол, кіші футбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, кір тасын көтеру, арқан тарту, қол күресі, жеңіл атлетика және тоғызқұмалақ түрлерінен жарыстар өтті.

Спартакиада жеңімпаздарына дипломдар және бағалы сыйлықтар тапсырылды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *