Қасым-Жомарт Тоқаев Жак Ширактың қазасына байланысты француз халқына көңіл айтты

400

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жак Ширактың қазасына байланысты француз халқына көңіл айтты. Бұл туралы ҚР Президенті өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлады Қазақпарат агенттігі.

«Францияның бұрынғы президенті Жак Ширактың қаза болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Ол елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына елеулі үлес қосқан көрнекті саясаткер ретінде жадымызда сақталады. Президент Эммануэль Макронға және бүкіл француз халқына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын»,-делінген жазбада. «ҚазАқпарат» ХАА осыған дейін Францияның бұрынғы президенті Жак Ширактың қайтыс болғандығын хабарлады. Көрнекті саясаткердің қазасына баланысты Елбасы Франция еліне көңіл айту жеделхатын жолдады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *