МАҚТААРАЛДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ СЕМИНАР-КЕҢЕСКЕ ҚАТЫСТЫ

144

Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрбол Саттаровтың төрағалығымен тұлғалардың өтініштерін қарау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға аудан әкімінің аппараты әкімшілік және жалпы бөлімінің басшысы Мұқан Байымбетов, аудан әкімінің аппараты ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы Ерлан Тұрымбетов, аудандық дербес бөлімдер мен кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының мамандары қатысты.

Ең алдымен облыс әкімінің өкімімен бекітілген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасын арттыру бойынша арнайы түзілген іс-шара жоспарының орындалуы туралы аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінің бас инспекторы Нұрсұлтан Жұмабеков баяндама жасады. Сондай-ақ, бас инспектор өтініштерді заң аясында қабылдау, тіркеу және есепке алу мерзімінде қарау бойынша түсіндірме берді.

Мұнан соң сөз кезегін алған аудан әкімінің аппараты ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы Ерлан Тұрымбетов мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен электронды түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру бойынша баяндама жасап, семинарға қатысушыларға өзінің ақыл-кеңесін айтты.

«Қазіргі таңда елімізде бала туу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетудің проактивті принципі, смс-пароль арқылы ЭЦҚ-сыз қызметтерді алу, порталда деректерді бұғаттау, электрондық аурухана парағы, автокөлікті онлайн-тіркеу және жүргізуші куәліктерін ауыстыру, үшінші тұлғалармен және Telegram-бот анықтамалар алу сияқты көптеген цифрлық жаңалықтар іске қосылған. Біз электронды қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болатындығы туралы түсіндіру жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Ақырындап адамдар осы қызметке үйрене бастаса, мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелер мен ХҚКО келушілер саны азаяды. Тұрғындарымыз уақыттарын үнемдейді. Сондықтан, Сіздер де түсіндіру жұмыстарына атсалысуларыңыз керек» — деді Е.Тұрымбетов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *