Елордада «Оттепель» көрмесі ашылды

415

Галереяда ХХ ғасырдың 50-ден 90-ға дейінгі бейнелеу өнерінің туындылары ұсынылған, сонымен қатар экспозицияға кеңес одағының суретшілерінің туындылары кірді.  Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атақты суретші және көрмені ұйымдастырушы Лейла Махаттың айтуынша, тек Абдулхак Абдуллаевтың картинасын қалпына келтіруге бір жыл уақыт кеткен. Оның айтуынша «өнер ешқашан өлмейді, қолжазбалар жанбайды, бүгін ForteBank аумағында орналасқан галерея өзінің кішкентай 3 жыл мерейтойын атап өтуде».

Қала әкімі А.Көлгінов мұндай көрмелер шеберлердің жұмыстарымен танысуға және тұрғындарды өнерге баулуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Бүгін көптеген адамдар көрмені көруге келді. Әсіресе, жастар көп. Бұл біздің өнерді, мәдениетті бағалайтынымызды көрсетеді. Лейла Махатқа шығармашылығы, идеялары, шабыты үшін алғыс айтамын. Сонымен қатар біздің жоспарларымызбен бөліскім келеді. Лейламен Пирамида аумағында көрмелер ұйымдастыруды талқыладық. Өздеріңіз білетіндер, Пирамида тек қала тұрғындарының ғана емес, сонымен қатар біздің қонақтар мен туристердің сүйікті орны. Келген қонақтардың көбі Пирамиданы тамашалайды. Елбасының бастамасымен құрылған бейбітшілік және келісім сарайында көрме ұйымдастырғымыз келеді», — деді А.Көлгінов.

Сондай-ақ, А.Көлгінов болашақта қалада елорда мұражайын ашу жоспарланып отырғанын айтты. Нұр-Сұлтан  ең маңызды оқиғалар өтетін әлемдік астаналар қатарына жатады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *