«АНА ТІЛІН» МАРАПАТТАДЫ

266

Осыдан 30 жыл бұрын, 1989 жылы 22 қыркүйекте ел тарихында тұңғыш рет «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының тіл туралы»­ Заңы қабылданған болатын. Бұл – ана тіліміздің қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік берген заң еді. 

Ал еліміз Тәуелсіздік алып, өз алдына дербес, егемен мемлекет болғанда, 1995 жылы 30 тамызда­ қабылданған Конституциямызда қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып бекітілді. Соның нәтижесінде ана тіліміздің абыройы асқақ­тай түсті. Негізгі ресми­ құжаттар мемлекеттік тілде жазыла бастады.
Ана тіліміздің абыройын арттырып, айбарын асырған, мәртебесін бекітіп, мерейін өсірген атаулы күнге байланыс­ты республика шеңберіндегі тіл ­жанашырлары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.­ Оны Ақорда резиденциясында Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орын­басары­ Дархан Кәлетаев табыс­тады.
Марапатталғандар қата­рын­да­­ Мырзатай Жолдасбек,­ Сәуле Мешітбай, Сайлау Батыршаұлы, Еркін Қыдыр, Владислав Тен,­ Максим Рожин секілді мемлекеттік тілдің кең көлемде қолданылуына елеулі үлес қосып жүрген жүзден астам азамат бар. Сонымен бірге «Қазақ газеттері» ЖШС серіктестігінің бас директоры Шәмшидин Паттеев пен осы серіктестікке қарасты «Ана тілі» ұлт апталығы басылымы да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатына­ ие болды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *