Алтын күздің кереметі — Медеуде!

499

Медеу шатқалы. Алматылықтар мен қала қонақтарының ең жиі тамашалайтын орны. Әсіресе, сарғайып күз келгенде шатқал ерекше сұлуланып кетеді. Сондықтан, осы мезгілдің алғашқы айында шатқал ішін, орманы мен тоғайын, өзен жағасын аралағанға не жетсін!

©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

Тауда ауа-райы тез құбылады. Күздің күні, қыс болып кетеді. Сондықтан, шатқалдағы сұлулықтың сәні кетпей тұрып, суретке түсіріп алуды жөн санадық. Өйткені, Медеу шатқалындағы алтын күздің көз жауын алар көрінісі бар болғаны бір апта ғана сақталуы мүмкін. Жел үрлесе болғаны, аққайынның жапырағы толықтай түскелі тұр. Ауа райының мәліметінше, алдағы екі-үш күнде шатқалда жел, жауын-шашын күтіледі. Ал біз уақытылы, күзгі көріністерді түсіріп үлгердік. Бір шатқалды түсіру үшін төрт күн бойы жаяу және әуеден араладық.

©Досжан Балабекұлы

«Медеу» мұз айдыны маңында жастар ақ көгершін ұшырады. Бүгінде шатқал тоғайынан көгершіндерді көптеп көруге болады. ©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

Медеу шатқалы- теңіз деңгейінен 1520-1750 м биіктікте орналасқан. Оны Кім Асар тау сілемі қоршап тұр. Шығыс Қабырғатаумен, оңтүстік-батысы Құмбел шыңымен, оңтүстігі-Медеу мұз айдынымен шектеседі. Мұнда атақты «Медеу баспалдақтары» орналасқан. Биыл тарихи баспаладақтар қайта жөндеуден өтіп, көпшілікке қайта ұсынылды.

Жаңартылған «Медеу баспалдағы» ©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

Орманды-дала және таулы-орманды географиялық жағдайына байланысты мұнда ерекше таулы климат қалыптасқан. Ауаның жылдық орташа мөлшері қаңтарда — 4,3 °С, шілдеде 18,1°С. 1400 метрден жоғарыға қарай әр 100 м сайын ауаның жылдық орташа температурасы 0,66 °С-қа төмендеп отырады. Темп-раның теріс (минус) кезеңі 5 — 7 айға созылады. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 151 күн, атмосфералық қысым 610 — 630 мм, ауаның жылдық орташа ылғалдылығы 50 — 55%, жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 843 мм. (Дереккөз: wikipedia.org)

©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

©Досжан Балабекұлы

Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *