Оқушылар «Тайқазанның оралғанына — 30 жыл» көрмесін тамашалады

348

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы №14 жалпы орта мектебінде «Тайқазанның оралғанына — 30 жыл» атты кітап фото көрмесі және лекция өткізілді, деп хабарлады музейдің баспасөз қызметі.

Аталған  шараға мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты.

Көрмеге қорық- музей қорында сақталған орыс саяхатшысы А.Кунның альбомына жинақтаған еңбектері, 1935 жылы Тайқазанды Санкт-Петербургке  алып бара жатқандағы және Эрмитаж музейінің экспозициясына қойылған бірегей фотолары мен 1989 жылы Эрмитаж музейінен Тайқазанды шығарып жатқан сәтінің суреттері қойылып, олардың әрбірінің тарихы түсіндірілді.

Оқушылар жәдігерлерге қатысты сұрақтар қойып, мамандармен пікір алмасты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *