Парижде қазақ әдебиетінің антологиясы таныстырылды

737

30 қыркүйек күні Парижде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жарияланған қазіргі қазақ прозасы мен поэзиясы антологиясының тұсаукесері өтті.

Француз тіліндегі қазақ әдебиеті жинақтарын аудару және басып шығару жобасы Париждің бірінші округінің мэриясы мен елордалық мәдени қауымдастықтың қолдауымен жүзеге асырылды.
Тұсаукесерге орталық елордалық округтің мэрі Жан-Франсуа Легаре (Jean-François Legaret), Париж мәдени бірлестігінің президенті мадам Карла Аригони (Carla Arigoni), француз оқырмандарына қазақ әдебиетін ұсынған жинақтардың алғы сөзінің авторлары — Франция академиясының тұрақты хатшысы Элен Каррер д’Анко мен әйгілі француз ақыны Вернер Ламберси, сондай-ақ аудармашылар, жазушылар, журналистер және Қазақстанның Франциядағы елшілігінің жанындағы Қазақстан достары клубының мүшелері қатысты.

Қазақстан тарапынан шараға ҚР Президентінің көмекшісі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ұлттық комиссия хатшысы Аида Балаева, ҚР Франциядағы Төтенше және өкілетті елшісі Жан Ғалиев, Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек қатысты.

Аида Балаева: «Қазіргі 60 қазақстандық автордың таңдаулы туындыларын бір уақытта БҰҰ-ның 6 тіліне аудару және басып шығару біздің бүкіл мәдениетіміз үшін маңызды оқиға», — деді.

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша заманауи қазақ әдебиетінің үздік үлгілері БҰҰ 6 тіліне аударылуы қажет. Париждегі қазақ әдебиеті антологиясының таныстырылымы осы шара аясында жүзеге асырылып отырған жұмыстардың бір тармағы.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *