Шатқалдағы тұман

393

Біздің бұл жолғы сурет топтамамыз Үлкен Алматы шатқалындағы күзгі тұманға арналып отыр. Сіздер жұмыста отырғандықтан, біз аз да болсын табиғаттағы құбылыстарды сезіне отырсын деп, шатқал ішінде қозғалған тұманның әр сәтін таспаға түсіріп үлгердік.

Әдетте тауда тұман жауын-шашын басталардан бұрын немесе басталғаннан кейін көрініс табады. Шатқалды қоршаған таулардың биік асуларына шықсаңыз, шатқал ішін аралап жүрген тұман өзенін тамашалауға болады.

Күз айы тауда тұманның қайталанатын уақыты. Сондықтан, қызық көріністі тамашалау үшін жаңбырлы күндерді бос жібермегеніңіз жөн. Ал Алматылықтар мен оның қонақтары үшін Іле Алатауының шатқалдары мен биік таулары біз айтқан құбылысты тамашалайтын таптырмайтын орын деуге болады.

Тау ішін кезген тұман биік жоталарға екпінмен келіп соғылады да, кері шегінеді. Осы сәтті тамашалап қана қоймай, суретке түсіріп алсаңыз, ерекше, әдемі суреттерге айналады.

Іле Алатауының биік қарағайлары, күзгі қайыңы бұл көрініске тіпті әдемілік сыйлап үлгереді. Тіпті, тоқтаусыз тамшылаған әрбір тамшы да бізге кедергі бола алмады.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(Суреттерді түсірген автор)




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *