Асхат Маемиров жаңа қызметке тағайындалды

141

Асхат Маемиров – Нұр-Сұлтан қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры болып тағайындалды.

Асхат Максимұлы Маемиров, елімізге танымал театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Өнертану PhD докторы, профессор. «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі.

Отандық өнер мен мәдениет саласының білікті менеджері ретінде өзін басқарушылық-ұйымдастырушылық қырынан кәсіби биік тұрғыда таныта білді. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факульетінің деканы, «Қазақстан халқы рухани даму қоры» АҚ Вице-президенті, «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының Президенті, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының директоры, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры лауазымы қызметтерін абыроймен атқарды.

Қазақстан мен Орта Азияда тұңғыш рет «Astana Musical» мемлекеттік театрының негізін салып, 2016-2019 жылдар аралығында аталмыш театрдың көркемдік жетекшісі болды.

Қазақстанның Театрлар Ассоциациясының вице-президенті, ЮНЕСКО жанындағы ұлттық комиссия мүшесі. Халықаралық, республикалық театр фестивальдерінің қазылар алқасының мүшесі. «Халықаралық Театр Институты» халықаралық ұйымының Қазақстандағы жетекшісі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *