Алматыда Шерхан Мұртаза тұрған үйде ескерткіш тақта ашылды

272

Салтанатты шараға қатысқан Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жазушының бай әрі өміршең шығармашылық мұрасы кеңінен ашылып, тереңірек зерттелуі керектігін тілге тиек етті. Бұл туралы Алматы қаласының ресми сайты хабарлайды.
«Халқымыздың сүйікті перзенттерінің есімдері мәңгі сақталып, ұлықталуы үшін барлығын жасаймыз», – деді әкім.
Сонымен қатар айтулы шараға сенатор Нұртөре Жүсіп, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, қоғам қайраткерлері қатысты.

Шерхан Мұртаза – халық жазушысы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, қоғам әрі саяси қайраткер. Ол қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қоса отырып, венгр халық ертегілерін, Ганс Христиан Андерсеннің, Шыңғыс Айтматовтың, Мұстай Кәрімнің және басқа жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Шерхан Мұртазаның шығармаларын мемлекет басшысы мен халық жоғары бағалады. Көзі тірісінде ол «Отан» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *