«Ана тілі» газеті Президенттің Алғыс хатымен марапатталды

668

«Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Ана тілі» басылымы Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

Алғыс хаттың мәтінінде: «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына отыз жыл толуына орай, мемлекеттік тілдің мерейін асырып, абыройын арттырып, қолдану аясын кеңейткені үшін «Ана тілі» газетінің ұжымы марапатталады»,  — делінген.

 Ұлттық басылымның ана тіліміздің дамуына қосқан зор үлесі ескеріліп, әріптестеріміздің лайықты марапатқа ие болғаны үшін шын жүректен қуаныштымыз. Серіктестігіміздің атынан газет ұжымына шығармашылық шабыт, еңбектеріне табыс тілейміз!

 «Қазақ газеттері» ЖШС




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *