Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мүгедектер күніне бір реттік төлем беріледі

226

Қазанның екінші жексенбісі Қазақстанда мүгедектер күні. Осыған орай  астана әкімдігі мүміндігі шектеулі азаматтарға бір реттік төлем ақша бөледі,  — деп хабарлайды kazgazeta.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы  елордада тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және ерекше қажеттілігі бар 18 жасқа дейінгі балаларға  2,5 АЕК немесе 6313 теңге аударады.

Айта кетейік, басқарма  Халық Банк (есеп шот және карталық шот), Жусан банк (есеп шот және карталық шот), Қазпошта (есеп шот және карталық шот), Сбербанк (есеп шот және карталық шот), АТФ Банк, Альфа Банк, Форте банк банктерімен қызмет көрсету туралы келісім жасаған. Сондықтан бір реттік төлемді алушы тұлғалар аталған банктерде шоттары болмаса, 20 сандық шот ашу үшін банкке барып, кейін оны Достық 13, «Нұрсая-2» ТК мекен-жайы бойынша орналасқан Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына әкелуі тиіс. Толық ақпаратты  55-68-22, 55-68-45, 87056450638, 87056450653, 87056450671, 87056450692 нөмірлері бойынша алуға болады,» — делінген сайттағы хабарламада.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *