Қазақстан бокс федерациясының президенті сайланды

174

 Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының президенті болып сайланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен Қазақстан бокс федерациясының отырысында айтылды.

«Ұлттық олимпиада комитетінің президенті ретінде бокстың дамуына үлесімді қоса беремін. Алда қойған міндеттерді орындап келеміз. Алдағы уақытта да солай боларына сенемін. Өз орныма Кеңес Рақышевты ұсынамын», — деді Тимур Құлыбаев. Федерация мүшелерінің барлығы бірауыздан Кеңес Рақышевтың Қазақстан бокс федерациясы басшылығына келуіне дауыс берді.

Сонымен қатар, Тимур Құлыбаевқа 2009 жылдан бері Қазақстан бокс федерациясын басқару барысында атқарған еңбегі үшін «Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті» атағы берілді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *