«Келісімшарт жасалған». Головкиннің келесі қарсыласының есімі аталды

139

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі қарсыласын таңдады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

TheAthletic ақпаратынша, келесі жекпе-жегінде Головкин польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Мұның алдында қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер оның атын GGG-ге қарсылас болуы мүмкін боксшылар қатарында атаған еді.

«Головкин белбеуін қорғау бойынша Шерметамен келісім жасап қойып, жекпе-жекті міндетті қорғау ретінде тіркеу үшін IBF мақұлдауын күтіп отыр деген ақпарат бар. Бұл жекпе-жек келесі жылдың басында өтеді, егер Сауль Альварес трилогияны мамырда өткізгісі келмесе», — деп келтіріпті басылым мәліметін журналист Майкл Бенсон твиттер желісінде.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *