Шымкентте «Қазақ дастарханы» фестивалі ұйымдастырылды

93

Ашық аспан астында өткен ұлттық тағамдар көрмесіне қаладағы барлық этномәдени бірлестік өкілдері қатысты, — деп хабарлайды kazgazeta.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Думанды шараға мол жиылған қала тұрғындары қазы-қарта, жал-жая, қуырдақ, бауырсақ пен тапа нанға тойды.

Тілі бөлек болса да, тілегі бір аспаздардың әзірлеген қазақи мәзірге шымкенттіктер ұзын-сонар кезекке тұрды.

Алаңда пісірілген аста-төк астан ауыз тимеген адам қалмады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, асылған етте есеп жоқ. Бабадан бүгінгі ұрпаққа мирас болған құнарлы тағамдар салтанат құрған шараны өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы дәстүрлі түрде өткізіп келеді.

Жалпы жұртшылыққа «Қазақ дастарханы» осымен төртінші рет жайылып отыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *