«Эйр Астана» өзінің алғашқы алыс магистральды Airbus A321LR лайнерін ұсынды

131

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының аумағында «Эйр Астана» әуекомпаниясының авиациялық-техникалық орталығында жаңа A321LR ұшағының тұсаукесері өтті. Әуекомпаниясы ТМД-да осы типтегі ұшақтардың алғашқы пайдаланушысы болды. «Эйр Астана» операциялық лизингке барлығы жеті А321LR ұшағына тапсырыс берді, олар Гамбургтегі (Германия) Airbus зауытынан тікелей жеткізіледі.

Жаңа әуелайнерлер «Эйр Астана» паркіндегі 2003 жылдан бастап пайдаланымдағы Boeing -757 ұшақтарын кезең-кезеңімен ауыстырады. Қазіргі уақытта тасымалдаушы ұшақтардың орташа жасы 7,1 жыл құрайды, бұл авиапаркті саладағы ең жас авиапарктердің бірі етеді.

«A321LR сатып алу – «Эйр Астананың» дамуындағы маңызды қадам. Бүгінгі күні әуелайнер тар фюзеляжды ұшақтар әлемінде ең технологиялық және үнемді әуелайнерлердің бірі болып табылады, — деп атап өтті «Эйр Астана» президенті Питер Фостер, — Жоғары сапалы, бизнес-класта толық жазылатын креслолар мен эконом-кластағы эргономикалық креслолар жолаушыларға Батыс Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Мәскеу, Дубай, Ыстамбұл мен Пекинге ұшатын рейстерде жоғары жайлылықпен саяхаттауға мүмкіндік береді», — деп қосты Фостер мырза.

Pratt&Whitney-ден заманауи қозғалтқыштармен жабдықталған A321LR әуе                                кемесі жақсартылған техникалық сипаттамаларға ие. Алдыңғы буындағы Airbus ұшақтарымен салыстырғанда A321LR отын шығыны 20% аз, техникалық қызмет көрсету шығындары 5%, атмосфераға көміртекті шығарындылар көлемі — 20%, ал дыбыстық із деңгейі — 50% төмен.

A321LR жетілдірілген техникалық сипаттамалары мен эргономикалылығы әуе тасымалын бұдан да қауіпсіз, үнемді және жайлы етеді. Бұл әуекомпаниясының қоршаған ортаны қорғау және ұшулардың қолжетімдігін арттыру саласындағы құндылықтарына жауап береді.

Жаңа ұшақтың тұсаукесері аясында «Эйр Астана» Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне 7,750,000 теңге мөлшерінде қайырымдылық көмек бөлді. Қаражат Қазақстанда паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту мен ілгерілетуге және қазақстандық паралимпиадашыларды халықаралық спорт іс-шараларына қатысу үшін дайындауға бағытталды.

А321LR – ұлғайтылған ең жоғары ұшу салмағымен, сондай-ақ фюзеляждің оңтайландырылған құрылымымен A321neo-нің алыс магистральды нұсқасы. Ұшақ екі класты жинақта ұсынылды: бизнес-класс 16 орынға, эконом-класс – 150 орынға есептелген. Осылайша, «Эйр Астана» паркінде Airbus тобындағы 19 ұшақ бар: сегіз А320 және төрт А321, үш А320neo, үш А321neo және бір A321LR.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *