Дәрігерлер тамызғыштың қақпағын жұтып қойған сәбиді аман алып қалды

237
Атырауда дәрігерлер тамызғыштың қақпағын жұтып қойған сәбиді аман алып қалды, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бір жасар сәби шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.  Дәрігерлердің айтуынша, бала тамаққа шашалып, сол түннен  қызуы көтеріле бастаған.  Екі күн өткен соң науқастың жағдайы нашарлап,  №2 облыстық ауруханаға жатқызылған.  Тексеріс кезінде дәрігерлер асқазанда пластмассалық тамызғыштың қақпағының барын анықтады.
Арнайы отадан кейін сәби қарқынды түрде ем шараларын қабылдады.  Қазіргі таңда бала үйіне шығарылып, толық қалпына келді.
Бір жасар сәбидің ата-анасының дәрігерлерге алғысы шексіз. Бүгінде баланың жағдайы жақсы, өміріне қауіп жоқ.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *