Амеркиалық маман Қанат Исламмен жұдырықтасатын «Жендеттің» мықты жағын атады

199

Амеркиалық Fightnews.com журналисті және инсайдері Мигель Ангель Марвилла Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында жеңілмеген қазақ боксшы Қанат Исламның (25-0, 20 КО) намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) жекпе-жегі туралы ойын айтты.

«Шынын айтқанда, Каутондоква — танылмаған боксшы. Оның бір ғана жекпе-жегін көрдім. Деметриус Андрадеге барлық жағынан жеңілді. Мен тек шыдамдылығын ғана атап өтер едім. Бірнеше нокдаунға қарамастан, жұдырықтасудан таймады. Физикалық тұрғыда мықты, бірақ, техникасы нашарлау. Ислам мұндай қарсыласты оңай жеңіп, келесі деңгейге өтеді деген ойдамын», — деп атап өтті Марвилла.

Намибиялық «Жендет» Қанат Исламды нокаутпен жеңетінін мәлімдеді

Еске салайық, Каутондоква 2018 жылы WBO белбеуі үшін жұдырықтасып, төрт нокдауннан кейін америкалық Деметриус Андрадеден (28-0, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңілді.

Ал Ислам 5 шілдеде 16 айлық үзілістен оралып, он секундта доминикандық Хулио де Хесусті (28-2, 27 КО) нокаутқа түсірген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *