Түркістан қаласында «Ясауитану-2019» Халықаралық байқауының іріктеу кезеңі басталды

429

Түркістанда «Ясауитану-2019» Халықаралық байқауына қала аралық іріктеу өтті, — деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

Байқауға қаладағы 32 оқушы қатысуда. Қала ішілік іріктеуден өткен үміткерге халықаралық додаға жолдама беріледі.

Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған білім және өнер сайысының  мақсаты —  Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы мен ілімін, «Әзірет Сұлтан» кесенесіне жерленген дара тұлғалардың елі үшін атқарған еңбектерін, сондай-ақ, Түркістан қаласының тарихын, Әмір Темір дәуірінен қалған құнды ортағасырлық жәдігерлерді және музей ісін насихаттау.

Биыл жиырма үшінші рет қолға алынған дәстүрлі байқауға еліміздің барлық облыс, қалалары мен шетелдік жас білімділер қатысады деп жоспарлануда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *