Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг универстиетінде өткен кездесу

159

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг универстиетінде өңірге іссапармен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Арман Бердалин, Республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, этно дизайнер Ырза Тұрсынзада және аумақтық Департамент басшысының бірінші орынбасары Серік Қаныбеков студент жастармен кездесті.

Басқосуда сөз алған Арман Бердалин Агенттіктің білім саласын назардан тыс қалдырмай, мектептердегі «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының, жоғары оқу орындарындағы «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселерінің жұмыстарын қадағалап отыратындығын, аталған жобалар арқылы әрбір өкелең жас ұрпақтың бойына адалдық пен парасаттылық дәнін егіп, болашақ елінің отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеу деп атап көрсетті.

Қазақтың ұлттық өнерін дәріптеп жүрген Ырза Тұрсынзада өз әңгімесін жастарға, соның ішінде қыз балаларға арнады. Болашақтың ар-намысы қыздың қолында, Ер адам азаматты тәрбиелейді, әйел адамзатты тәрбиелейді дей келе, студент жастарға адалдық – парасаттылықтың бастауы екенін түсіндіріп, әрбір азаматтың рухын көтеріп, намысын биіктетер рухани әңгімесімен жалғастырды.

Агенттік өкілі Арман Бердалин аға буын мен кейінгі буын арасында ұрпақтар сабақтастығы жалғасып, әділ де, адал көзқарастағы, әр кезде мемлекетке демеу болар жастар өсіп келе жатқанына сенімдерін білдірді.

Еркін форматта өткен кездесуді жастар жылы қабылдап, өз ойларын ашық білдіріп, жүрек жарды ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *