Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасын қабылдады

274
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, — деп хабарлайды Ақорда. 

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан халқына арналған Жолдауда берілген тапсырмалардың жүзеге асырылуы, соның ішінде квазимемлекеттік сектордағы компаниялар санының қысқартылуы жөнінде мәлімет берді.

Сонымен қатар Ахметжан Есімов ұлттық компанияларды жекешелендіруге дайындық барысы туралы баяндады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *