Мәдениет және мәдени құндылықтар

424

Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО Мәденитеттерді жақындастыру орталығы Мәдениеттерді жақындастырудың Халықаралық Онжылдығы аясында (2013-2022 жж.) «Ислам ағартушылары Фарабтан, Бағдаттан және Кордобадан еуропалық шіркеулер арқылы білім мәдениетіне» атты ІІ Алматы Халықаралық Еуразия мәдениеттерін жақындастыру форумы өтті.

Форумның негізгі идеясы диалог пен мәдениеттің өзара әрекеттесуі адамзаттың дамуында уақытша немесе кеңістіктегі координаттарға қарамастан басты фактор болып қала беретіндігін көрсету.

Форумды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ЮНЕСКО Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры Олжас Сүлейменов жүргізіп отырды. Форум қатысушыларына ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры, «Әлем мәдниеті» қорының президенті Майор Сарагоса теле экран арқылы бейне-жолдау жасады. Форум барысында ҚР Президентінің «Бейбітшілік және рухани келісім» сыйлығының иегері, профессор Альбер Фишлер (Франция, Фонтенбло) «Францияда түркі-араб ғалымы мен философиясы шіркеулер мен университтердің арқасында таралған (Х-ХІІІ ғғ.)», ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану Институтының директоры, профессор, ф.ғ.д., ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Әбасаттар Дербісәлі «Қазақ жерінің Испаниядағы ортағасырлық ғұлама ғалымдары мен олардың шығармашылығы туралы жаңа деректер», Огайо университеті философия факультетінің қауымдастырылған профессоры Джеймс Петрик (АҚШ, Огайо)  «Ағартушылық иделарды және ислам философиясының алтын ғасыры» атты баядама жасады.

Сондай-ақ, секциялық жұмыстарда әл-Фараби бабамыздың мерейтойы қарсаңында арнайы баяндамалар да жасалынды. Мәселен, белгілі Фарабитанушы ғалым, ҚазҰУ-дың әл-Фараби орталығының директоры Жақыпбек Алтаев «Әл-Фараби идеяларының ортағасырлық мұсылман және еуропалық философияның дамуына әсері», Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры Арслан Мехмет «Әбу Насыр Әл-Фараби: өркениет ойшылы», кинорежиссер, продюсер, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Сергей Әзімов «Әл-Фараби: Мұғалімнің оралуы», С. Айни атындағы Тәжікстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Соки Султонзада (Тәжікстан, Душанбе) «Ортағасырлық Еуропадағы әл-Фараби», М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының сыртқы әдеби байланыстар және аналитика бөлімінің бастығы, филология ғылымының кандидаты Светлана Ананьева «Қазақстанның көркем әдебиетіндегі Әл-Фараби: қайта оқу және қайта ойлау» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Мәдениет тарихы христандық және ислам дәстүрлеріне негізделген, оның өткен уақыттағы өзара әрекеттесуінің айқын үлгілерін көрсетеді. Тарихтағы кез-келген өзара әрекеттесу сияқты, ол өрлеу мен құлдырауды бастан кешірді, қайшылықтар мен синтездермен бірге жүрді, бірақ ол ешқашан үзілмеді және сонымен қатар әлемнің әртүрлі мәдениеттерінің, діндерінің дамуына айтарлықтай кумулятивті әсер етті.

Форумның міндеті орта ғасырлардағы ислам әлеміндегі ғалымдардың еңбектерін, сондай-ақ адамзаттың бүкіл тарихын байланыстыратын ғалымдардың ағартушылыққа және өркениеттер диалогына қосқан үлесін көрсету болып табылады.

Форумның мақсаты — ислам әлемінің ортағасырлық ғалымдарының  (Әл-Фараби, әл-Кинди, Ибн Рушд және басқалары) философиялық ойларын, ежелгі ғылым мен мәдениетті сақтау, сонымен қатар қайта өрлеу дәуіріндегі қосқан үлестерін көрсету; Орта ғасырдың соңында ислам әлемі ғалымдарының еңбектері Еуропаға енді, аударылды, сақталды және жарияланды, Қайта өрлеу дәуірінің басталуын білдіретін эллиндік идеялардың Еуропада таралуына ықпал еткен арналарын зерттеу; Білім алмасу және Шығыс пен Батыстың ағартушалырының ойлары адамзат өркениетінің дамуына, мәдениеттердің жақындасуы мен ғаламдық сананың қалыптасуына тигізетін әсер көрсету болды.

Форум Батыс пен Ортағасырдағы түркі-араб-мұсылман әлемі: білім эстафетасы, Бейбітшілік пен тұрақты дамудың қайнар көзі — білім мәдениеті, Мәдениеттердің жақындастырудың және ғаламдық сананың қалыптасуының негізгі-дәлелді диалог тақырыптарында секциялық жұмыстармен жалғасын тапты.

Форумға Қазақстаннан, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Батыс Еуропа, АҚШ және Ресейден атақты ғалымдар мен зерттеушілер, мәдениеттанушылар қатысты.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(Суреттерді түсірген автор)




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *