М. Әуезов атындағы драма театрдың жаңа маусымы ашылды

429

Мұхтар Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театры кезекті маусымын ашты.

М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театры 94-ші маусымның ашылуына арналған салтанатты шараны әдеттегідей өнер ордасының ішінде емес, сыртында өткізді.Салтанатты шара  М.Әуезов ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.Маусымашарға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, продюсерлер, эстрада жұлдыздары мен театрдың әртістері және театрдың арнайы шақырған құрметті қонақтары мен БАҚ өкілдері қатысты.

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек ері, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов жаңа маусымның ашылуымен құттықтады. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіхалықов , Қазақстанның халық артисі,профессор Есмұхан Обаев, Белгілі фотограф, КСРО  журналистер одағының мүшесі Қалиғұмар Қабдешов ақ пейіл, ақжарма тілектерін жеткізді.

Осыдан сон театр шымылдығы  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты  Әлия Бөпежанованың аудармасындағы, Григорий В.Томскийдің «Аттила мен Аэций»  қойылымымен түрілді.

 

Толығырақ бейнематериалдан тамашалаңыздар




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *