Үлкен Алматы көліне жеке автокөліктердің жүруіне шектеу қойылуы мүмкін

338

Алматы әкімдігі Үлкен Алматы көліне қатынайтын экоавтобустар шығаруды қарастыруда. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев Instagram парақшасында жазды.

«Мыңдаған туристерді, қала тұрғындары мен оның қонақтарын Үлкен Алматы көліне апаратын жолдың жағдайын тексердім.

Көлдің экожүйесіне жүктемені азайту үшін экоавтобустарды іске қосу және жеке автокөліктердің жүруіне шектеу қою мүмкіндігін қарастырмақпыз.

Осы арқылы Үлкен Алматы көліне апарар жолдың қауіпсіз, жайлы және экологияға зиян келтірмеуін көздейміз»,-деп жазады Б. Сағынтаев.

Еске салайық, осыған дейін Үлкен Алматы көлі бағытындағы жолдың қыс мезгілінде жабылатынын жазған едік.

Фото: Досжан Балабекұлы

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *