«Көздері алайғанша ұрдым». Жұмағұловтың жекпе-жек кезінде екі қолының да саусақтары шығып кеткен

146

Қазақ файтер Жалғас Жұмағұлов sport24.ru порталына берген сұхбатында Сочиде өткен Fight Nights Global 95 турниріндегі жеңісі туралы айтып берді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл турнирде Жұмағұлов дағыстандық Али Багаутиновпен жекпе-жек өткізіп, ең жеңіл салмақта ұйым чемпионы атағын қорғап қалды.

— Бір сәт те ойымды күдік шалған жоқ. Командамда өте тәжірибелі файтерлер. Бесінші раундтан кейін маған оны таза жеңгенімді айтты. Қандай зиян келтіргенімді қараңыздар.

— Сол көзіңнің асты жарылған. Тейкдаун мен соққыларды бөгеу қиын болды ма?

— Шынын айтқанда, ол мені сан рет баспен ұрды. Бұтымнан да тепті. Қолғап пен киімнен ұстады. Тордан ұсталынды. Бұл дұрыс емес. Төрешіге бұл туралы айтқанмын. Ол көрдім деп жауап берді. Жекпе-жектен кейін төрешіге барып, неге ештеңе айтпағанын сұрадым. Олар негізі ескерту беру керек.

Ал тейкдаун? Қандай тейкдаундар? Ондай болмады. Мен өзім отырдым. Тейкдаун — ол жығып, ұстап тұрғанда.

— Сен құлап, ал қарсыласың соққыны көтерген уақыттар көп болды.

— Қарсыласымның көздерін алайып жіберген соққыларым болды. Ол тәжірибелі болғандықтан, құшақтап үлгереді. Аяғына дейін жеткізе алмадым. Ол соққыға шыдайды. Өз жекпе-жегімді көрдім. Тек алға жүрдім. Титулымды қорғағым келді. Мұны бәрі көрді.

— Саусақтарың шығып кетті ме?

— Иә, екі қолымның да бас бармақтары. Біріншісі басында, ал екіншісі төртінші раундта.

— Енді UFC?

— Солай деп йолаймын, иә. Үміттенемін. Оған лайықтымын деп ойлаймын. Әлсіз қарсыластарым болған жоқ. Бәрі мықты еді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *