Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапары қарсаңында «Хабар» Агенттігіне сұхбат берді

180

«Хабар» Агенттігі Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожинмен әңгіме барысында, Беларусь мемлекетінің Президенті екі елдің бүгінгі қарым-қатынасы жөнінде жан-жақты айтып, болашақта одан ары қарайғы қарым-қатынастың белсендіру жолдарының келешегі, сондай-ақ, тауар айналымның өсуі жөнінде айтты, деп хабарлайды «Хабар» Агенттігінің баспасөз қызметі.

А. Лукашенко Евразиялық экономикалық одақ туралы, оның географиясының кеңеюі тақырыбына бөлек тоқтады. Сондай-ақ, Беларусь Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықты қалыптастырудағы негізгі этаптарға тоқтап, өз түсінігіндегі «тәуелсіздік» сөзінің негізгі мағынасын, мәнін түсіндірді.

Беларусь Президенті Александр Лукашенко беларусь-қазақтандық ынтымақтастықтың оң бағытта дамитынына сенімді. Бұл туралы ол «Хабар» информагенттігіне айтты,-деп хабарлайды БЕЛТА тілішісі. Жаңа Президент басқару кезеңінде де екі ел арасындағы қарым-қатынас жалғасын табады,- деді Александр Лукашенко.

«Сіз Қазақстанның жаңа Президенті деп қалдыңыз. Сіз білесіз бе, оның саясаты – Беларусь пен Қазақстан арасындағы жалғасын тауып жатқан процестер негізінде ғана емес, жалпы экономикалық одақтың дамуы негізінде белгіленген»,- деп атады беларусь көшбасшысы.

«Бұл адам – негізі қаланған жолды тек жалғастырып қана қоймай, екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан ары нығайта алады. Негіз бар, мақсат бар. Біз осы бағытты ұстанатын боламыз. Сеніңіз, біз өзара сыйластығымызды ұлғайтамыз. Біздің қарым-қатынасымыз бұдан да жақсы болады», — деп атап көрсетті мемлекет басшысы. Сұхбат барысындағы Президентке жолданған сауалдардың басым бөлігі Беларусь пен Қазақстан елдерінің қарым-қатынастарының дамуына қатысты, Евразиялық экономикалық одақ форматының өзара әрекеттесуінің проблемалары сынды түрлі аспектілерге қатысты болды. Мемлекет басшысына кейбір жеке басына қатысты сұрақтар да қойылды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *