Елбасы Жапония Императоры Нарухитоның ресми таққа отыру рәсіміне қатысты

113

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жапония Императоры Нарухитоның ресми таққа отыру рәсіміне қатысты, — деп хабарлайды kazgazeta.kz.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жапония императоры Нарухитоның таққа отыру ресми салтанатты шарасына қатысты. Жапон тарапы аталған шараға орай тиісінше дресс-код бекіткен еді. Делегация басшыларын қоса алғанда салтанатты шараның барлық қатысушылары «White Tie» дресс-коды бойынша киінуі тиіс болатын. Елбасы фракті бірінші рет киіп отырған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев барлық уақытта мұндай деңгейдегі шараларда бекітілген дресс-кодты ұстанады», — деп жазды ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасының Instagram-дағы парақшасында.

Императорлық тақ мұрагерін ұлықтау рәсіміне 175-тен астам елдің өкілі келді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *