Жыл соңына дейін Атырауда апатты жағдайдағы 6 жатақхананың тұрғындары қоныс аударады

215

Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Telegram-дағы «Атырау облысының әкімдігі» чат-каналында мәлімдеді деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыс әкімінің мәліметіне сәйкес, бүгінде облыс орталығында  12 апатты жатақхананың тұрғындары көшірілуі тиіс екен. Бұл үшін Атырауда бюджет есебінен 240 пәтерге есептелген 6 үйдің құрылысы жүргізілуде.
– Жыл соңына дейін Береке ықшам ауданында 3 үй пайдалануға тапсырылады. Осыған орай, 6-7 жатақхананың тұрғындарын көшіруге мүмкіндік туады.  Мердігерлердің уәделеріне сүйене отырып,  6 үйді де тапсыруды жоспарлаған едік. Өкінішке орай, құрылыс материалдарының жетіспеушілігі және басқа да себеп-салдарға орай, тек 3 үйдің ғана құрылысы аяқталады деп күтілуде. Қай жатақхананың тұрғындары көшірілетінін қосымша хабарлаймыз. Қалған 3 үй келесі жылдың бірінші жартыжылдығында тапсырылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *