Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

136

 

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы болып Нұрлан Мархабатұлы Байғұт тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Нұрлан Мархабатұлы 1974 жылы 21 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған, білімі жоғары, біліктілігі инженер-экономист. Еңбек жолын 1997 жылы Шымкент қаласы бойынша салық комитеті жеке тұлғаларға салық салу бөлімінің салық инспекторы болып бастаған.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *