DA VINCI CAPITAL ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚОРЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНА КЕМІНДЕ 40 МЛН ДОЛЛАР ИНВЕСТИЦИЯЛАЙДЫ

238

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Da Vinci Capital инвестициялық компаниясы (Ұлыбритания) 100 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестициялардың бірлескен қорын құрады. Лондонда өткен Қазақстан-Британ іскерлік кеңесінің (ҚБІК) отырысында келісімге қол қойылды. Бұл туралы Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар  жөніндегі департаменті хабарлады.

Келісім шарттары бойынша «Жаңа технологиялар қоры» ақпараттық технологиялар мен цифрландыру секторында жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпорындарға кемінде 40 млн АҚШ долларын инвестициялайды.

Da Vinci Emerging Technologies Fund (Жаңа технологиялар қоры) негізгі бағыты Қазақстанның технологиялық компанияларын дамыту және кейіннен IPO-ға шығару үшін инвестиция құю болады.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» қоры күн және жел электр энергетикасы жөніндегі әлемдегі төртінші ірі EDP Renovaveis (Португалия) компаниясымен баламалы энергия көздері саласындағы жобаларды бірлесіп инвестициялау туралы келісімге қол қойды. Құжат Қазақстандағы баламалы энергия көздері жобаларын бірлесіп іске асыру қағидаттарын регламенттейді. Аталмыш келісім аясында  EDP Renovaveis Қазақстанда қуаты 250 МВт болатын күн электр станциясын салуға ниетті.

Сондай-ақ, іскерлік кеңес аясында іскерлік кеңестің тең төрағалары Ахметжан Есімовтің Қазақстан бойынша Ұлыбритания премьер-министрінің сауда елішісі баронесса Эмма Николсонмен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар ҚБІК қызметінің құрылғаннан бергі нәтижелерін, Лондон қор биржасымен перспективалық бағыттар бойынша өзара іс-қимылды және инвестицияларды тарту және бірлескен қорларды құру перспективаларын талқылады.

Атап өткен жөн, ҚБІК 2015 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың іс-сапары аясында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықты дамыту үшін құрылды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *