Жапондардың сакурасынан кем түспейді…

644

Алатаудағы алтын күздің әдемілігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан суреттер сөйлейсін дейміз. Қазір таудағы шатқалдарда жабайы өрік сарғайып, тау жоталары ерекше түрленіп тұр. Бұл жапондардың сакурасы гүлдеген шақтан кем түспейтін, табиғат тартуы.

Біз Алматыдан алыс емес, көпке таныс Медеу шатқалынадағы күзгі сұлулықты суретке түсіру үшін арнайы барған едік. Жабайы өріктер тік тасты, сусымалы беткейлерде өсетіндіктен, сурет түсіруге көп қиындық туғызды. Сонда да, біз бірнешеуіне жақындап бардық. Негізі, төменнен де көрініс жақсы көрінеді. Бастысы, бірнеше апта ғана тұратын сұлулықты˗ басқалар да сезінсің деген ниет.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(Суреттерді түсірген автор)




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *