Ш.Пәттеев «Қазақ газеттері» серіктестігінің Бас директоры болып қайта тағайындалды

275

«Қазақ газеттері» серіктестігінің басылымдар саны 10-ға жетті.  Кезінде «Жас өркен» аталып, жеке отау болып отырған ұжым енді «Қазақ газеттерінің» құрамына кіріп,  қатарымыз «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері, «Ақ желкен», «Балдырған» журналдары  секілді балалар басылымдарымен толықты. Серіктестіктің Бас директоры болып Шәмшідин Пәттеев қайта тағайындалды.

 Бұл туралы​ ҚР​ Ақпарат​ және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өзінің фейсбук парақшасында жазды.
«Құрметті достар! Бүгін қазақтілді басылымдар үшін маңызды бірқатар тағайындаулар жасадым.
Алдымен, құрамына «Жас өркен» ЖШС біріктіру арқылы қайта құрылған «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры етіп Шәмшідин Пәттеевті қайта тағайындадым.
Шәмшідин Әшенқожаұлы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, баспасөз саласында елімізге белгілі кәсіби менеджер.
Серіктестік баспасөз саласын, оның ішінде, балалар баспасөзін дамытуда үлкен еңбек атқарып келеді. Алдағы уақытта да жасалған құрылымдық өзгерістер нәтижесімен оқырмандарын тың дүниемен, қызықты, тартымды ақпараттармен сусындата беретініне сенемін
»делінген. Сондай-ақ министр «Egemen Qazaqstan» газетінің Алматы қаласындағы редакциясының басшысы лауазымына Жүсіпбек Қорғасбекті тағайындағаны туралы  айта келіп: «Сіздерге қажырлы қызмет, өнімді еңбек, отбасыларыңыздың амандығын тілеймін!»,- деген тілегін жеткізді.

Бұл да бір уақыт талабына сай тың өзгеріс. Бір шаңырақ астына бірігіп, жаңа қарқынмен басталған жұмысымыз серіктестікке жүйелі өзерістер мен жемісті нəтижелер əкеледі деп сенеміз.

Гауһар Түстікбаева, 

«Қазақ газеттері» ЖШС




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *