Қазақстандықтар сатып алатын қымбат көліктердің рейтингі

120

Биылғы тоғыз айда қазақстандықтар 451,2 млрд теңгеге 49 243 жеңіл және жеңіл коммерциялық жаңа автомобиль сатып алды.

Қазақстанның автомобиль саласы кәсіорындары одағының мәліметінше, сатып алынған жеңіл көліктің орташа құны 8,88 млн теңгені құрады және өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 5,6 пайызға қымбаттады. Бұл ретте, Қазақстанда құрастырылған автомобильдер сегментінде бұл цифр орташа нарықтық мәннен айтарлықтай төмен болды және 6,6 млн теңгені құрады. Шетелден жеткізілген көліктердің орташа бағасы 10,9 млн теңге мөлшерінде белгіленді. Сатып алушылар 5 млн теңгеден қымбат емес көліктерді таңдаған. Осыдан бір жыл бұрын бұл сегмент нарықтың 37 пайызын құраған еді. Құны 5 миллионнан 7 миллион теңгеге дейінгі 9 834 автомобиль сатылды. Ал бағасы 7-10 миллион теңге аралығындағы көліктерді 7 215 қазақстандық сатып алған. Бизнес (10-15 млн теңге) және премиум-санат (15 млн теңгеден жоғары) сегментінде 13 406 және тиісінше 5 211 автомашина сатылған. Қолжетімді көліктердің үздік ондығының басым бөлігін қазақстандық автомобиль құрастырушылардың өнімдері алып отыр. Айталық, Өскеменде құрастырылған, құны 3,1 млн теңгеден басталатын Lada Granta көлігі қазақстандықтар үшін барынша қолжетімді болып тұр. Мұнан бөлек, қолжетімді көліктердің үздік ондығына мыналар кіреді: Chevrolet Niva (3,4 млн теңге), Ravon Nexia (3,5 млн), Lada 4×4 (3,6 млн), Ravon R4 (4,1 млн), Renault Logan (4,1 млн), Renault Sandero (4,1 млн), KIA Picanto (4,8 млн), Renault Duster (4,9 млн) және JAC S3 (4,9 млн). Ал ең қымбат темір тұлпарлардың рейтингі төмендегідей түзілген: Mercedes-Benz G-klass (63,1 млн теңге), Porsche Panamera (48,9 млн), Jaguar I-Pace (46 млн), BMW 7 серия (45,3 млн) және Porsche Cayenne (43,2 млн).

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *