Әбдіжәміл Нұрпейісовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

197
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдіжәміл Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.
 «ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.  Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті  Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 26 қазан», — делінген Президент Жарлығында.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *