Сенат мобильдік қосымшаны іске қосты

280

Android және IOS тұғырнамаларында Senate мобильдік қосымшасы іске қосылды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының ресми сайты хабарлайды.  

«Senate мобильдік қосымшасы бізбен ыңғайлы әрі оңай қарым-қатынас орнату үшін жасалды. Бұл Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатындағы оқиғаларды білгісі келетін әрі уақытты бағалайтын жандарға арналған мобильдік қосымша. Сондай-ақ Сенаттың іс-шараларын көруге, отырыстардың стенограммаларын оқуға, палатаға келіп түскен заң жобалары туралы білуге, депутаттардың мемлекеттік органдарға сауалдары туралы ақпарат алуға мүмкіндік бар.

Қосымшаны орнату үшін AppStore (iPhone) немесе Play marketке (Android үшін) кіріңіз, Senate атауын іздестіріп, қосымшаны жүктеп, орнатып алыңыз.

Бұл қызметтің одан әрі жетілдіріле беретінін де айтқымыз келеді. Сондықтан бұл әзірге сынақтама ретінде іске қосылып отыр. Бізге қосылыңыз!» — делінген хабарламада.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *