Мемлекет басшысы «Көкжайлау» жобасымен айналысуға тыйым салды

118

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көкжайлау тау-шаңғы курортына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайтадан бұл мәселеге оралмас үшін, мен бүгін осы жобамен айналысуға тыйым саламын. Яғни, Көкжайлау тау-шаңғы курорты жобасымен айналысуға. Ол бізге керек емес», — деді Қасым Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы барлық кәсіби экологтар мен білікті қоғам өкілдері жобаға қарсы екенін атап өтті.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Көкжайлау» курорттық жобасын жүзеге асыруды кейінге қалдыру туралы ұсыныс айтқан болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *