Президент Іле-Алатауы ұлттық паркінде заңсыз берілген жерлерді қайтаруды жүктеді

120

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне заңсыз берілген жерлерді қайтаруды тапсырды.

«Іле-Алатауы ұлттық паркінің басшылығы жеке тұлғаларға жерді заңсыз беруінің, учаскелердің мақсатсыз қолданылуының фактілері бар. Жеке тұлғаларға 20 гектардан астам 67 жер бөлігі заңсыз берілген. 58 жер телімінің 24-і мақсатсыз пайдаланылған. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне әкімдікпен бірге әрбір фактінің мән-жайын анықтап, заңсыз берілген жерлерді қайтару бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырамын», — деді Президент Алматыны әлеуметтік-экономикалық дамытуға арналған отырыста.

Дереккөз: Қазақпарат




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *