Тіл – қоғамдық құбылыс

214

Academic English пәнінің төртінші аптасы аяқталды.
Engagement & Communicative language пәнінен дәріс оқитын Ariellеден «Неге ағылшын тілінің жазылуы мен айтылуының арасында жер мен көктей айырма бар?» деп сұрадым. Оның айтуынша, XVI ғасырға дейін ағылшын тілінің жазу ережесі болмаған екен. Әркім өзінің қалағанынша таңбалап келген. Сосын лингвистер жиналып, тіл заңын дайындаған. Содан бері бұл қағида өзгермейді. Қанша логикаға, қисынға келмейтін болса да, заңның аты заң, оған бағыну керек. Жастары неге бес әріппен таңбаланып, үш әріппен оқылады деп бастарын мың қатырса да, оны түзетуге талаптанбайды.
Ал бізде ше. Лингвистер жыл сайын орфографиялық сөздік шығарады. Шығарған сайын, тілдің жазылу Ережелеріне өзгертулер енгізеді. Бір байлам, бір пәтуа әлі жоқ. ХХ ғасырдың басында тіл заңын жасап кеткен Ахмет Байтұрсынұлы мен Құдайберген Жұбановтардың сүрлеуі жайына қалды. Әлі күнге дейін тілді өз бетінше түзеп, өз бетінше заң шығарғысы келетіндер көп. Біреулеріміз шығамыз «туады» деген қисынға келмейді екен, «туылады» деп жазайық деп, екіншіміз шығамыз «бола ма» деген қысқарған түрі «болады ма» деп жазу керек деп. Үшіншіміз айтамыз «жәнемен сөйлем неге басталмайды, басталады» деп. Мұның бәрі жүйесіздіктің салдары.
Әрине тіл қоғамдық құбылыс, ол өседі, толады, жетіледі. Алайда сол толығу белгілі бір заң аясында жүзеге асуы керек. Әркім өз білгенінше заң жасап алмағаны дұрыс.
Сонымен қатар, ресми тіл мен ауыз екі сөйлеу тілінің де ара жігі болады. Ал бізде бәрі қойыртпақ.

 

Есенгүл Кәпқызының фейсбук парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *