«Шин-Лайн» компаниясы Magnum серіктестерінің I жыл сайынғы конгресінің финалисті болды

55
Қазақстанның ірі көтерме-бөлшек сауда желісі Magnum бағалауына сәйкес, Bahroma балмұздағы «Үздік жаңалық-2019» деп танылды, ал өндіруші компания «Шин-Лайн» «Санатты дамытуға қосқан үлесі- 2019» үшін марапатталды. Бұл туралы Алматыда өткен I жыл сайынғы Magnum серіктестерінің конгресінде белгілі болды, деп хабарлады «Шин-Лайн» компаниясының баспасөз қызметі.
Бүгінгі күні «Шин-Лайн» республиканың барлық аймақтарында жұмыс істейтін және барлық сауда желілерінің алаңдарында өнімін ұсынатын Қазақстандағы жалғыз балмұздақ өндіруші болып табылады. Соңғы жылдары компания қазақстандық балмұздақ экспортын тұрақты дамытуда. Салалық құрылысқа белсене қатыса отырып, Қазақстанның Сүт одағы мен Ресейдің балмұздақ одағы мүшелерінің құрамына кіреді.
– Бүгінгі жетістік бірінші кезекте компания өнімінің сапасымен және «Шин-Лайн» балмұздағын сатып алып, өз таңдауын жасаған тұтынушылардың сенімімен байланысты, – деп санайды компанияның бас директоры Владимир Пак. Балмұздақ – қызықты бизнес, мұнда жыл сайын тұтынушыларды таң қалдырып отыру керек. Бірегей өндіріс технологиясы бар жоғары сапалы жаңа өнімдерді әзірлеуге инвестиция бізге тұтынушылардың жүрегіне жол табуға мүмкіндік берді.
Magnum серіктестерінің I жыл сайынғы Конгресі отандық кәсіпкерлікті қолдау, ынтымақтастықты кеңейту және бизнестің ашықтығын арттыру мақсатында өткізілді.  Конгреске 1500-ден астам компания өкілдері қатысты.
 



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *