Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі жиі анықталса да, аурудан өлім-жітім көрсеткіші азайды

158

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, қазақстандықтар арасында жиі кездесетін онкологиялық аурулар бұл – тері қатерлі ісігі, өкпе және тыныс алу жолдары қатерлі ісігі, асқазан қатерлі ісігі және жатыр мойыны қатерлі ісігі. Алайда тексерілгендердің арасында көбісі жағдайларда сүт безі қатерлі ісігі анықталады.

Қазақстан Республикасы халқының денсаулық сақтау статистикалық жинағының және денсаулықты сақтау ұйымдардың деректеріне сенетін болсақ, 2017-ші жылы сүт безі қатерлі ісігімен біріншілік ауыру 4338 жағдай анықталса, 2018-ші жылы ауру 5,7%-ға өсті. Көрсеткіштердің өсуіне ауруды уақытында анықтап, жедел емдеуді бастауға мүмкіндік берген өткізіліп жатқанскринингтер өз әсерін тигізді. 2018-ші жылы ауруды IV сатысынан анықтау көрсеткіштері 0,1% (3,7%-дан 3,6%-ға дейін) азайды. Ол халық арасында ақпарат біртіндеп таралып, адамдар дәрігерге уақытында қаралатынын көрсетеді.

2017-ші жылы Қазақстан бойынша сүт безі қатерлі ісігінің I жәнеII сатысымен ауратындардың көбісі Қызылорда облысында байқалды. 2018-ші жылы бұл көрсеткіш 2% төмендеді.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының деректеріне сүйенетін болсақ, 2006-шы жылдан 2016-шы жылға дейін сүт безі қатерлі ісігінен өлім-жітім көрсеткіші17% азайды. Бұл көрсеткішке жету қаладағы және ауылдағы емханаларда, онкологиялық орталықтарда тегін скринингтерді өткізудің арқасында мүмкін болды. Осындай онкологиялық ауруларды ерте анықтау және емдеу әдісі Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігінен өлім-жітім көрсеткіштерін төмендетуге көмектеседі. Скринингтен 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы сау және әйгіленбеген әйелдер өтеді. Тексеруден өту аралығы – 2 жылда 1 рет.

2018-ші жылы Қазақстанның 14 облысы арасында 8-де (2017-ші жылға қарағанда) сүт безі қатерлі ісігінен өлім-жітім көрсеткішінің төмендеуі байқалды. Дәлірек айтсақ, 100 000 тұрғындардың арасынан алғанда көрсеткіш 8 жағдайға төмендеді. Әлемнің көптеген елдерінде сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау және емдеу жағдайы жақсарып келе жатыр. Мәселен, Түркияда өкімет ауруды ерте анықтауда алдын ала емдеу бағдарламаларын жетілдіріп, енгізді. Ол бағдарламалар сүт безі қатерлі ісігіне, жатыр мойын қатерлі ісігіне, тік ішек қатерлі ісігіне және қуықасты безінің қатерлі ісігіне бағытталған. «Менің ойымша, барлығының арасынан ең сәттісі ол — сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау бағдарламасы. Ол онкологиялық ауруларда ең жиі кездеседі. Бұл ісік сегіз әйелдің бірінде бар. Ауруды ерте сатысында анықтаса, әйелдің өмірін сақтап қалуға болады. Сондай-ақ, 90%-ға жуық емделушілер бес жылдық тіршілікке деген қабілеттілікке жете алады», -дейді Anadolu емханасының радиациялық онкологияның профессоры Хале Чалар.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *