«Сөзсіз солай». Сауль Альварес ең мықты қарсыласын атады

166

Екі дивизионда әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (52-1-2, 35 КО) жартылай ауыр салмақта WBO белбеуіне ие ресейлік Сергей Ковалевпен (34-3-1, 29 КО) жекпе-жек қандай болатыны туралы ойын айтты.

«Оның қолы ұзын және джебті жақсы ұрады. Рингте қалай қозғалу керектігін біледі, бірақ, біз бұған дайынбыз.

Ол — менің ең мықты қарсыласым, сөзсіз солай, сондықтан мен үлкен қауіпке барып отырмын. Дегенмен біз бұған дайынбыз. Бізде Ковалевті жеңу үшін ақыл мен дағды бар», — дейді Альварес Boxingnews24 порталына берген сұхбатында.

Альварес — Ковалев жекпе-жегі 2 қараша Лас-Вегаста өтеді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *